Monday, 16 May 2022, 19:04:41 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Жогорку Кенеш төрағасы Бас хатшыны қабылдады

2022 жылғы 14 қаңтарда Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің Төрағасы Талант Мамытов Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эрды оның Қырғыз Республикасына ресми сапары шеңберінде қабылдады.

Парламент басшысы Эр мырзаны Бас хатшы қызметіне кірісуімен құттықтап, тәжірибелі дипломат ретінде ТҮРКПА мүше мемлекеттер арасындағы парламенттік қатынастарды нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Бас хатшы өз кезегінде Төрағаға алғыс айтып, оны Парламент Спикері қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.

ТҮРКПА-ның Түркітілдес елдер үшін маңызды рөліне баса назар аударған Мамытов мырза Қырғыз тарапы алдағы уақытта да Ассамблея қызметіне жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Тараптар ТҮРКПА-ның ағымдағы және болашақ қызметін талқылап, 2022 жылдың екінші жартысында Қырғызстанда өтетін 11-ші пленарлық отырысқа дайындық туралы пікір алмасты.