Monday, 16 May 2022, 18:24:02 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесті

2022 жылғы 14 қаңтарда Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Бас хатшыны оның Қырғыз Республикасына ресми сапары шеңберінде қабылдады.

Қазақбаев мырза Эр мырзаны қызметіне кірісуімен құттықтап, ТҮРКПА-ның Түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытындағы парламенттік дипломатия институты ретіндегі маңызды рөлін атап өтті.

Министр бауырлас Өзбекстан, Түрікменстан және Мажарстан парламенттерінің қосылуымен ТҮРКПА-ны кеңейтудің маңыздылығына да баса назар аударды.

Бас хатшы Қазақбаев мырзаға өз алғысын білдіріп, ұйымның ағымдағы қызметі мен 2022 жылға жоспарланған іс-шаралар, оның ішінде 2022 жылдың екінші жартысында Қырғызстанда өтетін 11-ші пленарлық отырысқа дайындық туралы қысқаша ақпарат берді.