Thursday, 29 September 2022, 15:54:02 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Қырғыз дипломатиялық академиясының ректорымен кездесті

2022 жылғы 13 қаңтарда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қазы Диқамбаев атындағы Дипломатиялық академиясының Ректоры Чынара Атамкуловамен кездесті. Кездесуге 2009-2010 жылдар кезеңінде Жогорку Кенештің бұрынғы Төрағасы, Проректор профессор Зайнидин Құрманов да қатысты.

Бас хатшы ТҮРКПА мүше елдерде Түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маңызды іс-шаралар өткізілгенін атап өтті. Ол Түркі бірлігін нығайтуға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығына да баса назар аударып, осы тұрғыда Дипломатиялық академияның мүше мемлекеттердің ұқсас мекемелері арасындағы қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған бастамаларын жоғары бағалап, жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Тараптар бір-бірін өздерінің тиісті мекемелерінің қызметіндегі негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ықтимал бірлескен жобаларды талқылады.