Saturday, 24 September 2022, 20:59:40 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА мүше елдердің Хатшылықтағы тулары төмен түсірілді

2022 жылғы 10 қаңтарды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық аза тұту күні деп жариялауына байланысты ТҮРКПА мүше елдердің Хатшылықтағы тулары төмен түсірілді.

ТҮРКПА бауырлас Қазақстан халқымен және оның басшылығымен бірге екенін растай отырып, Қазақ халқын қолдап, Қазақстанның бірқатар аймақтарында болған қайғылы оқиғалар салдарынан құрбан болғандардың рухына тағзым етеді.

Ассамблея оқыс оқиғалар кезінде қаза тапқандардың отбасына қайғырып, көңіл айтады және жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейді.