Saturday, 24 September 2022, 21:42:56 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Қазақстанда орын алған оқиғалар туралы Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының мәлімдемесі

Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА) ұйымның мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасындағы оқиғаларды мұқият қадағалауда, адам құрбандығы мен мемлекеттік және жеке меншік мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан зорлық-зомбылыққа байланысты өкінішін білдіреді.

ТҮРКПА Қазақстан халқы және оның басшылығымен бірге екенін мәлімдейді және бауырлас Қазақ халқы көпғасырлық даналығы арқасында осы тарихтың күрделі кезеңін еңсеретініне нық сенеді. Қазақстан Түркі әлемінің негізгі тіректерінің бірі бола отырып, қалыптасқан жағдайдан абыроймен шығып, өз халқының игілігі үшін бейбіт дамуын жалғастырады деп сенеді.

ТҮРКПА Қазақстан билігінің Алматы мен елдің басқа да ірі қалаларында қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қалпына келтіру қабілетіне сенім білдіреді. Өз кезегінде ТҮРКПА бауырлас халыққа кез келген көмек көрсетуге әрдайым дайын және қайғылы оқиғалардың нәтижесінде қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.