Saturday, 24 September 2022, 19:42:14 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ҚТЭЫПА Бас хатшысы ТҮРКПА Хатшылығына келді

2021 жылғы 24 желтоқсанда Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы Парламенттік Ассамблеясының (ҚТЭЫПА) Бас хатшысы Асаф Гаджиев мырза ТҮРКПА Хатшылығына келіп, Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырзамен кездесті.

Бас хатшылар бір-бірін ұйымдарының қызметі туралы хабардар етіп, бұдан былай да белсенді ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша да пікір алмасты.

ТҮРКПА 2012 жылдан бері ҚТЭЫПА бақылаушы мәртебесіне ие.