Saturday, 24 September 2022, 21:25:22 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы ТҮРКПА Комиссиясының төрағасымен кездесті

2021 жылғы 21 желтоқсанда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырза Милли Меджлистің Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, ТҮРКПА Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссиясының төрағасы Ахлиман Амирасланов мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Амирасланов мырза Комиссия аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, ТҮРКПА Хатшылығының бастамаларына оң баға беріп, сондай-ақ болашақ жобаларға қолдау білдірді. Бас хатшы Комиссия қызметінің маңыздылығын атап өтіп, Хатшылықтың алдағы жоспарлары туралы қысқаша ақпарат берді.

Тараптар Түркітілдес елдер арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың перспективалары мен 2022 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы пікір алмасты.