Saturday, 24 September 2022, 19:57:17 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Анкарадағы кітап таныстырылымы рәсіміне қатысты

Бас хатшы 2021 жылғы 16 желтоқсанда Анкарада өткен Әзербайжан мен Түркия бауырлас елдердің және олардың Президенттері Ильхам Алиев пен Реджеп Тайып Ердоғанның мәңгілік және мызғымас достығына арналған авторы Әзербайжан Милли Меджлисінің депутаты Малахат Ибраһимгызы "Біз осы жолмен бірге жүрдік" (оригиналы "Bərabər yürüdük biz bu yollarda") кітабының таныстырылым рәсіміне қатысты.

Рәсімге Түркі мемлекеттерінің ұйымы Ақсақалдар кеңесінің Төрағасы Бинали Йылдырым, Әзербайжан мен Түркия парламенттерінің депутаттары, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ белгілі саяси және қоғам қайраткерлері қатысты.

Кітапқа Анкара университетінің Ректоры Недждет Үнүвар, Милли Меджлис депутаты Ахлиман Амирасланов рецензия берген және ТҰҰЖ Комиссиясының төрағасы Өзнұр Чалык кітаптың редакторы болған.