Saturday, 24 September 2022, 19:51:02 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Түркия Парламентінің Спикерімен кездесті

2021 жылғы 16 желтоқсанда Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоп мырза Бас хатшыны оның Анкараға ресми сапары барысында қабылдады.

ТҰҰЖ Спикері Эр мырзаны ТҮРКПА-ның Бас хатшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, осы қызметте табысты болуға және ұйымның болашақтағы бастамаларына ізгі тілектерін білдірді. Өз кезегінде, Бас хатшы ТҰҰЖ-ның ТҮРКПА қызметіндегі маңызды рөлін атап өтті.

Тараптар ТҮРКПА-ның ағымдағы және болашақ қызметін талқылап, ұйымның міндеттері мен мақсаттары туралы пікір алмасты.