Saturday, 24 September 2022, 20:05:25 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Халықаралық Түркі Тілі іс-шарасына қатысты

2021 жылғы 15 желтоқсанда ТҮРКПА Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясының хатшысы Бауыржан Датқаев түркі зерттеушісі В. Томсеннің Орхон-Енисей жазуларын дешифрлаған күніне орай Памуккале университеті мен Еуразия жазушылар одағы бірлесіп, Түркияның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен онлайн форматта ұйымдастырылған Халықаралық Түркі Тіліне арналған іс-шараға қатысты.

Іс-шараның ашылуында Алтай қауымдарының тілдері мен мәдениеттерін зерттеу және тәжірибе орталығының директоры профессор, доктор Нергиз Бирай ханым, Еуразия жазушылар одағының төрағасы профессор, доктор Якуб Өмероғлу мырза, Түркияның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы профессор, доктор Өджал Оғыз мырза, Түркияның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының бұрынғы төрағасы профессор, доктор Наби Авджы мырза және Памуккале университетінің ректоры профессор, доктор Ахмет Кутлухан мырза сөз сөйледі.

Іс-шараның ашылу рәсімінде Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі Түркі әлемі музыкасы оркестрінің жетекшісі, түркі музыкасының танымал зерттеушісі, Түркі музыкасы орталығының жетекші қызметкері Ирфан Гүрдал мырза өзінің өнерімен қуантты.

Іс-шара шеңберінде «Түркі тілі күнін жариялау» тақырыбында түркі ынтымақтастық институттары, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялар басшылығы мен өкілдерінің, парламенттері депутаттарының, елшілерінің, түркі тіл мамандарының, мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Онлайн өткен Халықаралық Түркі Тілі күні панелінде Түркі тілдің өткен тарихтағы халықтар мен мемлекеттердің қалыптасуындағы ықпалы және болашақ мүмкіндіктері талқыланды.