Saturday, 24 September 2022, 19:47:41 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА ИЫҰПО конференциясының 16-шы сессиясына қатысты

2021 жылғы 9-10 желтоқсанда Ыстамбұлда Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысы ұйымдастырған Ислам ынтымақтастығы ұйымы Парламенттік Одағының 16-шы сессиясы өтті. Бас хатшының орынбасары Фуад Алакбаров мырза бастаған ТҮРКПА делегациясы іс-шараға бақылаушы ретінде қатысты. Сессияға ТҮРКПА мүше парламенттерінің ИЫҰПО делегациялары да қатысты.

Түркия Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Реджеп Тайып Ердоған мырза, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Жоғары мәртебелі Мұстафа Шентоп мырза, ИЫҰПО Бас хатшысы Жоғары мәртебелі Мұхаммед Хурайчи Ниасс мырза сессияның ашылуында сөз сөйледі.

Күн тәртібінде ИЫҰПО Бас хатшысының баяндамасы, спикерлердің, вице-спикерлердің, делегация басшылары мен бақылаушылардың сөз сөйлеуі, сондай-ақ ИЫҰПО бас және атқарушы комитеттерінің басқа да ұйымдастырушылық мәселелері болды.

Сессия соңында Ыстамбұл декларациясы қабылданды.

Сессия ТҰҰЖ Спикері Жоғары мәртебелі Мұстафа Шентоп мырзаның қорытынды сөздерімен аяқталды.