Sunday, 16 January 2022, 14:03:28 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА ЕҚЫҰ Министрлер кеңесіне қатысты

Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр 2021 жылғы 2-3 желтоқсанда Стокгольмге шақырылған Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) Швед төрағалығымен өткен ЕҚЫҰ-ның 28-ші Министрлер кеңесіне қатысты.

Жыл сайынғы кездесуге ЕҚЫҰ-ға қатысушы 57 мемлекеттің Сыртқы істер министрлері, ресми тұлғалар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Министрлер Кеңесі ЕҚЫҰ-ның Орталық директивті және басқарушы органы ретінде қатысушыларға ұйымның қызметіне шолу жасап, бағалау жүргізуге және ЕҚЫҰ аймағындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша диалогты нығайтуға мүмкіндік берді.

ТҮРКПА халықаралық ұйым ретінде ЕҚЫҰ Министрлер кеңесінің отырыстарына ЕҚЫҰ Іс басындағы Төрағасының атынан тұрақты түрде шақырылады.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар