Sunday, 16 January 2022, 14:29:22 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА «Peace4Culture» партнерлары форумына қатысты

2021 жылғы 2 желтоқсанда ТҮРКПА Бас хатшысының орынбасары Фуад Алакбаров мырза Әзербайжанның Баку қаласындағы АДА университетінде мемлекеттік лауазымды тұлғалардың, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық миссиялар мен академиялық қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен өткен «Peace4Culture» (Мәдениет үшін бейбітшілік) партнерлары форумына қатысты.

Іс-шара бағдарламасы «Мәдениет Әлем үшін не істей алатыны туралы ғана емес, сонымен қатар Әлем Мәдениет үшін не істей алатыны туралы», «Тұрақты бейбіт қоғамдар мен халықаралық бейбітшілік жүйесін қалай нығайтамыз» және «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты сын-қатерлер: көпжақты ынтымақтастық құру» атты үш панельдік сессияны қамтыды.

Іс-шара барысында қатысушылар бейбітшілік құрудағы мәдениеттің, мұраның және өзіндік ерекшеліктің рөлін және осы факторлардың ортақ құндылықтар мен мүдделерге оң әсерін талқылады.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар