Sunday, 16 January 2022, 15:03:04 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Миссиясы Бішкекте кездесулер өткізді

2021 жылғы 26 қарашада ТҮРКПА Сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы өзінің бақылау бағдарламасы аясында Қырғыз Республикасындағы Парламенттік сайлауға қатысатын саяси партиялардың лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізді.

Саяси партиялардың өкілдері ТҮРКПА бақылаушыларын өздерінің сайлауалды тұғырнамалары мен 2021 жылғы 28 қарашадағы аралас жүйе бойынша өтетін алдағы Парламенттік сайлаудан күтетін үміттері туралы хабардар етті.

27 қарашада Миссия Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші Төрағасының міндетін атқарушы, Парламент Төрағасының орынбасары Аида Қасымалиева ханыммен кездесті.

Қасымалиева ханым әділ, демократиялық және ашық сайлауды қамтамасыз ету тұрғысынан ТҮРКПА миссияларының сайлауға бақылау жүргізулерінің маңыздылығын атап өтті. Ол Миссияны сайлауға дайындық және алдағы Парламенттік сайлаудың негізгі ерекшеліктері, оның ішінде аралас сайлау жүйесі және пропорционалды жүйе бойынша сайлауға қатысатын саяси партиялар үшін квоталармен байланысты нормативтік база туралы хабардар етті.

Бұдан бұрын, 25 қарашада Миссия Қырғыз Республикасының Сайлау және референдум өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының Төрайымы Нұржан Шайлдабекова ханыммен кездесті.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар