Sunday, 16 January 2022, 13:52:02 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА мен Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Кітапханасы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2021 жылдың 23 қарашасында Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырза бастаған делегация Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасының Директоры Бақытжан Темірболат мырзамен кездесті.

Бас хатшы дана стратег - Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі әлемін нығайтуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтіп, білім, ғылым, тарих және мәдениет орталығы ретінде қызмет ететін Кітапханамен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.

Тараптар бір-бірін өздерінің қызметі туралы хабардар етіп, болашақ бірлескен жобаларды талқылады.

Кездесу аясында Елбасы Кітапханасы мен ТҮРКПА арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бақытжан Темірболат мырза Түркі халықтары арасындағы мәдени қатынастарды дамытуға бағытталған Меморандумға қол қою маңызды символикалық оқиға болып табылатынын атап өтті.

ТҮРКПА делегациясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Кітапханасының Музейінде де болды.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар