Sunday, 16 January 2022, 14:22:36 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы Қырғызстандағы өз жұмысын бастады

ТҮРКПА Сайлауды бақылау жөніндегі миссия 2021 жылғы 28 қарашада Қырғыз Республикасында өтетін Парламенттік сайлауға қысқа мерзімді мониторинг жүргізу үшін Бішкекке келді.

ТҮРКПА Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссиясы Төрағасының орынбасары, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының мүшесі Реджеп Шекер мырза бастаған және депутаттар - Хикмат Маммадов мырза (Әзербайжан), Нұрлан Бекназаров мырза, Елдос Абақанов мырза (Қазақстан), Шенель Едійылдыз мырза, Юксель Өзкан мырза, Өмер Фетхи Гюрер мырза, Яшар Карадағ мырза және Хюда Кая ханым (Түркия), сондай-ақ Хатшылықтың өкілдерінен тұратын Миссия өз жұмысын 2021 жылдың 25 қарашасында бастады.

ТҮРКПА бақылаушылары өздерінің бақылау бағдарламасы аясында Қырғыз Республикасының Сайлау және референдум жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) Төрайымы Нұржан Шайлдабекова ханыммен кездесті. ОСК Төрайымы бақылаушыларды қарсы алып, ТҮРКПА миссияларының Қырғызстандағы сайлауды бақылау жөніндегі қызметінің маңыздылығын атап өтті. Шайлдабекова ханым сайлау заңнамасындағы соңғы өзгерістер, сайлау процесі барысында жоғары технологияларды қолдану, сондай-ақ Парламенттік сайлауға дайындық, оның ішінде материалдық-техникалық аспектілер туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, бақылаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Миссия сайлаудың әділ, еркін және ашық түрде өтуіне сәттілік тілеп, дауыс беру процесінің нәтижелері елдің одан әрі өркендеуіне ықпал ететініне сенім білдірді.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар