Friday, 30 September 2022, 14:37:50 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Іс басындағы Төрағасы Бас хатшыны қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапары аясында Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырза бастаған делегацияны ТҮРКПА Іс басындағы Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мырза қабылдады.

Мәжіліс Төрағасы Бас хатшыны қызметке кірісуімен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Ол Қазақстанның алдағы уақытта да Ассамблея қызметіне толық қолдау көрсететінін растады.

Өз кезегінде, Бас хатшы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі әлемінің бірлігін нығайтуға бағытталған бастамалары мен қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Түркістанда өткен X пленарлық отырыстың бастамаларын іске асыруды, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, 2022-2027 жылдарға арналған Жол картасын дайындауды талқылады.

Нұрлан Нығматулин мырза Түркі кеңесінің атауын Түркі мемлекеттерінің ұйымына өзгертудің және "Түркі әлемінің келешегі - 2040" құжатын қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Ол таяу болашақта Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясын Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы деп атын өзгертудің де маңыздылығына баса назар аударды.