Friday, 30 September 2022, 14:31:04 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Түркі академиясының Президентімен кездесті

2021 жылдың 23 қарашасында ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр мырза Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі мырзамен кездесті.

Бас хатшы Академияның жаңа ғимаратымен және оның құнды көне Түркі археологиялық олжалары қойылған музейімен танысты.

Мехмет Сүрейя Эр мырза Түркі әлемінің бірлігін нығайту факторларының бірі ретінде Түркі академиясының маңызды рөлін атап өтті.

Тараптар тиісті салалардағы өзара ынтымақтастық пен болашақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.