Friday, 30 September 2022, 13:30:51 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА мен АҚЫҰ Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2021 жылғы 22 қарашада ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Бас директоры Ерлан Байдәулет екі ұйым арасындағы ынтымақтастықты қамтитын Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Тараптар бір-бірін өздерінің тиісті ұйымдары жүзеге асыратын негізгі міндеттер мен іс-шаралар туралы хабардар етіп, белгілі салаларда өзара ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті және ынтымақтастық саласын айқындайтын және болашақ бірлескен қызметті жүзеге асыруға ықпал ететін Меморандумның маңыздылығына баса назар аударды.