Friday, 30 September 2022, 12:43:41 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА "Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент" атты халықаралық парламенттік конференцияға қатысты

ТҮРКПА Бас хатшысы 2021 жылғы 22 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған "Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент" тақырыбында өткен халықаралық парламенттік конференцияға қатысты.

ТҮРКПА Іс басындағы Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мырза төрағалық еткен конференцияда Түркітілдес елдердің Парламенттік басшылығы, жоғары лауазымды тұлғалар, депутаттар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.

Конференция барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет құрылысындағы көрегендігі және Қазақстанның әлемдік қауымдастығына толыққанды мүше, экономикасы мықты заманауи мемлекет ретінде өсіп келе жатқан рөлі, сондай-ақ осы процестердегі Қазақстан Парламентінің маңызды рөлі баса назарға алынды.

Өз сөзінде ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюына және Түркі ынтымақтастығын дамытуға қосқан шешуші үлесін атап өтті. Бас хатшы Елбасының Түркі институционалдық ынтымақтастығын құрудағы, сондай-ақ Түркі мемлекеттері арасындағы интеграцияны тереңдетуге бағытталған "Түркі әлемінің келешегі - 2040" бағдарламасын әзірлеу жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударды.