Friday, 30 September 2022, 12:57:12 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Милли Меджлис Спикері Бас хатшыны қабылдады

2021 жылғы 19 қарашада Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрайымы Сахиба Гафарова ханым ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр мырзаны қабылдады.

Сахиба Гафарова ханым Мехмет Сүрейя Эр мырзаны Бас хатшы қызметіне кірісуімен құттықтап, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде Бас хатшы жылы қонақжайлылық пен Милли Меджлистің ТҮРКПА қызметіне қолдау көрсететініне алғысын білдірді.

Кездесу барысында тараптар Ассамблеяның ағымдағы және алдағы қызметі туралы пікір алмасты.