Friday, 30 September 2022, 14:38:55 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА 25-ші Халықаралық бизнес-форумның ашылуына қатысты

2021 жылғы 15 қарашада ТҮРКПА Бас хатшысының орынбасары Бакуде Әзербайжан Республикасының Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі (ШОБДА) мен Өнеркәсіпшілердің және кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығы (ӨКТҚ) бірлесіп ұйымдастырған 25-ші Халықаралық бизнес-форумның (ХБФ) ашылуына қатысты.

Іс-шараға 30-ға жуық елдің мемлекеттік ресми тұлғалары, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, сауда палаталарының, бизнес-қауымдастықтардың және шетелдік инвесторлардың өкілдері қатысты.

Форум екіжақты экономикалық және сауда қатынастарын дамытуға, ынтымақтастықтың тұрақты модельдерін құруға, Қарабақтағы азат етілген аумақтарды қалпына келтіру және қайта құру үшін инвестициялар тартуға бағытталған.