Saturday, 24 September 2022, 19:38:02 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Ыстамбұлда Түркі Кеңесінің Сегізінші саммиті өтті

ТҮРКПА Бас хатшысы 2021 жылғы 12 қарашада Ыстамбұлда өткен «Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар мен ақылды қалалар» тақырыбындағы Түркі Кеңесінің Сегізінші саммитіне қатысты.

Түркия Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Режеп Тайып Ердоған ұйымдастырған Саммитте Әзербайжан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Ильхам Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Садыр Жапаров, Өзбекстан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Шавкат Мирзиеев, Түрікменстан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Гурбангулы Бердімұхамедов, Мажарстан Премьер-Министрі Жоғары мәртебелі Виктор Орбан және Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Жоғары мәртебелі Бағдад Әміреев сөз сөйледі.

Кездесу барысында қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың және көпжақты ынтымақтастықты кеңейтудің, сондай-ақ Түркітілдес елдер арасындағы сауда қатынастарына жәрдемдесудің маңыздылығы талқыланды.

Саммит Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің атауын Түркі мемлекеттері ұйымына өзгерту, Түркіменстанға Ұйымда бақылаушы мәртебесін беру, «Түркі әлемінің келешегі – 2040» Тұжырымдамасын қабылдау, Түркі инвестициялық қорын құру, Ұйымда Серіктес мәртебесін беру қағидаларын құру, сондай-ақ «Түркі мемлекеттері ұйымының Құрметті Төрағасы туралы» ереже жөнінде қаулы қабылдау сияқты маңызды шешімдермен атап өтілді.

Саммит мемлекет басшыларының Түркі Кеңесі Сегізінші саммитінің Ыстамбұл декларациясына қол қоюымен аяқталды.

Саммит аясында мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен Түркі Кеңесі Хатшылығының жаңа ғимаратын ашу салтанаты өтті.