Saturday, 24 September 2022, 21:02:39 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысына қатысты

ТҮРКПА Бас хатшысы Түркі Кеңесінің 8-ші саммиті аясында 2021 жылғы 11 қарашада Ыстамбұлда өткен Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.

Кездесуге Түркі кеңесіне мүше елдердің, сондай-ақ Түркіменстанның, Мажарстанның Сыртқы істер министрлері және Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының басшылары қатысты. Кездесу барысында Әзербайжан тарапы Түркия Республикасына төрағалығын тапсырды.

Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр өз сөзінде Түркітілдес мемлекеттер Тәуелсіздігінің 30-жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған 8-ші саммитті бауырлас мүше елдер арасындағы бірлік пен ынтымақтастық рухын нығайту тұрғысынан маңызды меже екенін атап өтті. Бас хатшы Ассамблеяның ағымдағы және болашақ қызметі туралы хабардар етіп, ТҮРКПА-ның Түркі ынтымақтастығының парламенттік өлшемі ретіндегі өз міндеттерін орындауға бейілділігін растады.

Министрлер 12 қарашада Мемлекет басшыларының саммиті барысында қол қойылатын күн тәртібіндегі тиісті құжаттарды және Саммит декларациясын дайындауды аяқтады.