Saturday, 24 September 2022, 20:26:36 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА АНКАСАМ конференциясына қатысты

2021 жылғы 6 қарашада ТҮРКПА Бас хатшысының орынбасары мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық миссиялардың, Түркітілдес елдердің және Бельгия, Қытай, Грузия, Мажарстан, Үндістан, Пәкістан, Ресей, Украина, Ұлыбритания және АҚШ сияқты елдердің академиялық қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен Анкара Дағдарыстық және саяси зерттеулер орталығы (АНКАСАМ) өткізген «Жаһандық билік үшін күрестің көлеңкесіндегі интеграцияны іздестіру және Түркі әлемі» атты онлайн түрде болған конференцияға қатысты.

Іс-шара аясында «Жаңа үлкен ойын және Түркі әлемі: қауіптер мен мүмкіндіктер», «Түркі әлеміндегі ынтымақтастықты іздестіру», «Еуразиядағы ынтымақтастықты іздестіру», «Түркі әлемі және өңірлік-жаһандық акторлар» және «Түркі әлеміндегі интеграциялық үдерістің болашағы» тақырыптарында бес сессия өткізілді.

Конференцияның ашылу салтанатында АНКАСАМ Президенті проф. Мехмет Сейфеттин Эрол, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы проф. Дүйсен Қасейінов, ТҮРКПА Бас хатшысының орынбасары Талғат Адуов мырза, Халықаралық Түркі Академиясының Вице-президенті Физули Меджидли мырза және Түркіменстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық қатынастар институтының Проректоры Гүлшат Юсупова ханым сөз сөйледі.

Қатысушыларды құттықтай отырып, Адуов мырза Әзербайжан мен басқа да Түркі елдерін Екінші Қарабақ соғысындағы Жеңістің мерейтойымен құттықтады. Ол Түркі әлемінің даму перспективаларын, сондай-ақ Түркі елдері ынтымақтастығының интеграциялық жобаларын да талқылады.

Қатысушылар қазіргі заманның проблемаларын, тәуекелдері мен сын-қатерлерін талқылап, олардың қызмет саласы мен тәжірибесіне негізделген ынтымақтастықтың тиісті шешімдері мен әдістерін ұсынды. Олар мемлекеттердің өңірлік және жаһандық қауіпсіздік проблемаларын шешудегі бейбіт күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі халықтарының бірлігі мен Түркі әлеміндегі интеграциялық үдерістерге қосқан үлесі мен рөліне баса назар аударды.