Saturday, 24 September 2022, 20:27:14 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА «Жеңіске 44-күндік жол» атты конференцияға қатысты

2021 жылдың 5 қарашасында ТҮРКПА Жеңіс күніне орай Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен АДА университетімен бірлесіп ұйымдастырған конференция мен көрмеге қатысты. Конференцияның тақырыбы «Жеңіске 44-күндік жол» болды.

Іс-шараға мемлекеттік лауазымды тұлғалар, Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің басшылығы, сондай-ақ дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Бір панельдік конференцияда Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мырза, Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі – Әзербайжан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат мәселелері жөніндегі басқармасының бастығы Хикмат Гаджиев мырза, АДА университетінің ректоры Хафиз Пашаев мырза, Отан соғысының ардагері Васиф Дилаверзаде мырза, сондай-ақ Алтынбаш университетінің ректоры және Түркия Президенті жанындағы Сыртқы саясат және қауіпсіздік комитетінің мүшесі профессор, доктор Чағры Эрхан, «Ұлттық қорғаныс» журналының Бас редакторы, әскери сарапшы Игорь Коротченко мырза сөз сөйледі.

Конференция шейіттерді еске алуға арналған бейне презентациямен және «Қарабақ оккупацияға дейін және оккупация кезінде, сондай-ақ оның босатылуынан бір жыл өткен соң» атты фотокөрмемен аяқталды.