Saturday, 24 September 2022, 21:14:41 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Анкарада өткен «Қазақстан жолы. Түркі бірлігі» атты көрмеге қатысты

2021 жылғы 5 қарашада Бас хатшының орынбасары мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық миссиялар, Қазақстан мен Түркияның ғылыми және академиялық қоғамдастықтары өкілдерінің қатысуымен өткен «Түркі әлемі: тарих, қазіргі заман, болашақ» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.

Конференцияда Түркия Республикасы Президентінің Аға кеңесшісі Ялчин Топчу мырза, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов мырза, Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Сұлтан Раев мырза, ТҮРКПА Бас хатшысының орынбасары Талғат Адуов мырза, Халықаралық Түркі Академиясының Вице-президенті Физули Меджидли мырза, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы мырза, Түркия Президентінің Әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапхананың директоры Айхан Туғлу мырза, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының Директоры Бақытжан Темірболат мырза және «Елбасы академиясы» Корпоративтік қоры Басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин мырза сөз сөйледі.

Қатысушылар Түркі өркениетінің тарихи, мәдени және рухани мұрасын жаңғырту үдерістерін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Түркі Әлемінің Ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі халқының бірлігіне қосқан рөлі мен үлесін, сондай-ақ Түркі Әлемінің серпінді интеграциясын нығайту мәселелерін талқылады.

Конференцияның алдында осы жоба аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің және Анкара қаласындағы Түркия Республикасы Президенттігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы мен Елбасы академиясы бірлесіп ұйымдастырған, Түркия Республикасының Президенттігі жанындағы Ұлттық кітапханада «Қазақстан жолы. Түркі бірлігі» тақырыбында көрмесінің ашылуы өтті.

«Қазақстан жолы. Түркі бірлігі» атты көрме Анкараның тұрғындары мен қонақтары үшін бір ай бойы ашық болып тұрады.