Saturday, 24 September 2022, 20:15:31 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы кітап таныстырылымы рәсіміне қатысты

2021 жылдың 5 қарашасында ТҮРКПА Бас хатшысы Әзербайжан мен Түркия арасындағы бауырластық қатынастарға арналған Түркі мәдениеті мен мұрасының Халықаралық қоры ұйымдастырған «Біз осы жолмен бірге жүрдік» (түпнұсқасы «Bərabər yürüdük biz bu yollarda») кітабының таныстырылым рәсіміне қатысты.

Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің депутаты Малахат Ибрагимқызы жазған кітап екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейіне жетудегі Әзербайжан мен Түркия президенттерінің рөліне арналған.

Рәсімге ресми тұлғалар, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының және Әзербайжан Милли Меджлисінің депутаттары, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ белгілі саяси және қоғам қайраткерлері қатысты.

Кітапты Анкара университетінің Ректоры Недждет Үнүвар мен Милли Меджлис депутаты Ахлиман Амирасланов рецензиялап, ТҰҰЖКомиссиясының Басшысы Өзнур Чалык редакциялаған.