Saturday, 24 September 2022, 21:09:10 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Хатшылығында Жеңіс күніне орай кездесу ұйымдастырылды

2021 жылғы 5 қарашада ТҮРКПА Хатшылығында 8 қарашада атап өтілетін Жеңіс күніне орай кездесу ұйымдастырылды. Бас хатшы Мехмет Сүрейя Ер кездесуде сөз сөйлеп, Әзербайжан халқын осы айтулы оқиғамен құттықтап, Отан соғысы құрбандарын еске алып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, сондай-ақ жеңіс шеруі барысында қол жеткізілген жетістіктердің маңыздылығына баса назар аударды.

30 жылға жуық уақыт бойы Әзербайжанға қатысты негізсіз аумақтық кінәрат-талаптар мен этникалық тазарту Әзербайжанның тарихи жерлерін әділетсіз басып алуға әкелгені атап өтілді.

44 күннің ішінде даңқты Әзербайжан армиясы өзінің теңдессіз ерлігі және табандылығымен Отанын босатып, осы Ұлы Жеңіс қазіргі тарихқа ерекше оқиға ретінде кірді. Сондай-ақ, Түркітілдес елдер өз отаны үшін тарихи күресте әрдайым жеңіске жеткендері асты сызылып көрсетілді.

Әзербайжан халқының еркі, Ел көшбасшысы жүргізіп отырған табысты саясат, заманауи армия құрылысы, сондай-ақ бауырлас Түркітілдес мемлекеттердің осы күресте көрсеткен қолдауы арқылы Әзербайжан халқы жеңіске қол жеткізіп, жауларына қарсы тарихи жеңіске жеткенін бүкіл әлемге дәлелдеді.