Saturday, 24 September 2022, 19:51:50 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА бақылаушылары саяси партия өкілдерімен кездесті

2021 жылғы 23 қазанда ТүркПА Миссиясының мүшелері өздерінің бақылау бағдарламасы аясында Экологиялық партияның, Либералды-демократиялық партияның, Халықтық-демократиялық партияның, "Миллий Тикланиш" демократиялық партиясының және "Адолат" Социал-демократиялық партиясының лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізді.

Саяси партиялардың өкілдері бақылаушыларды сайлау алдындағы платформалар, сайлау алдындағы науқан және 2021 жылғы 24 қазандағы Президенттік сайлаудан күтетін үміттері туралы хабардар етті.