Saturday, 24 September 2022, 20:28:33 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА Миссиясы Ташкентте ресми тұлғалармен кездесті

ТүркПА Халықаралық бақылау миссиясы Ташкентке 2021 жылдың 24 қазанында өтетін Президенттік сайлауға қысқа мерзімді мониторинг жүргізу үшін келді. Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының (ТҰҰЖ) депутаты, ТүркПА Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары Реджеп Шекер мырза басқарған Миссияның құрамына парламенттер мүшелері - Ағалар Валиев мырза (Әзербайжан), Жәмилә Нұрманбетова ханым (Қазақстан), Анвар Артықов мырза, Мұхтарбек Айнақұлов мырза (Қырғызстан), Шенел Йедійылдыз мырза, Өмер Фетхи Гюрер мырза, Юксел Өзкан мырза және Яшар Карадағ мырза (Түркия) кіріп, сондай-ақ ТүркПА Хатшылығының дипломатиялық қызметкерлері қатысты.

22 қазанда Миссия мүшелері Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Зайниддин Низамходжаев мырзамен, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Содик Сафоев мырзамен және Халықаралық істер және парламентаралық қатынастар комитетінің басшысы Дилор Файзиева ханыммен кездесті.

Осы кездесулер барысында Миссия басшысы Шекер мырза Миссияның бақылау бағдарламасы туралы қысқаша ақпарат берді. Ол халықаралық бақылаушыларға жасалған жағдай үшін алғысын білдіріп, сайлау Өзбекстанның абыройына әділ, еркін және ашық түрде өтетініне сенім білдірді.

Миссиямен қарым-қатынас құрғандар ашық және демократиялық сайлауды қамтамасыз ету тұрғысынан Президенттік сайлауды бақылау процесіне ТүркПА бақылаушыларының қатысуының маңыздылығын атап өтті. ОСК Төрағасы Миссияны сайлауға дайындық бойынша қабылданған шаралар, оның ішінде материалдық-техникалық аспектілер туралы хабардар етіп, бақылаушылардың сұрақтарына жауап берді.

ТүркПА бақылаушылары өзінің бақылау бағдарламасы аясында саяси партиялар өкілдерімен кездесулер өткізеді. Миссия сайлау күні дауыс беру барысын бақылау үшін сайлау учаскелеріне барып, келесі күні бақылау нәтижелері бойынша баспасөз отырысын өткізеді.