Saturday, 24 September 2022, 21:40:45 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы өз міндетін тапсырды

2021 жылдың 15 қазанында ТҮРКПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов мырза жаңа Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мырзаға өз міндетін тапсырды. Тапсыру рәсімі ТҮРКПА Хатшылығында қызметкерлердің қатысуымен өтті.

Рәсім барысында Алтынбек Мамаюсупов мырза ТҮРКПА туын Мехмет Сүрейя Эр мырзаға табыс етті.

Мехмет Сүрейя Эр мырза 2021 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстанның Түркістан қаласында өткен ТҮРКПА-ның оныншы пленарлық отырысында ТҮРКПА-ның Бас хатшысы болып сайланды.