Tuesday, 30 November 2021, 11:03:55 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Қырғыз Республикасының Елшісі ТҮРКПА Хатшылығына сапармен келді

2021 жылғы 14 қазанда Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов ТҮРКПА Хатшылығында Қырғыз Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Осмоналиевпен кездесті. Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Осмоналиев мырзаны Қырғыз Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Кездесу барысында Бас хатшы Елшіні Парламенттік Ассамблеяның қызметі және Түркістанда ТҮРКПА-ның жақында өткен пленарлық отырысында маңызды құқықтық құжаттардың қабылданғаны туралы хабардар етіп, бұл құжаттар ТҮРКПА жұмысы аясында парламенттік топтар құрудың қажетті шарты болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде Елші Қайрат Осмоналиев Қырғыз Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің жұмысы және Қырғызстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған іс-шаралар туралы хабардар етті.

Тараптар ТҮРКПА Хатшылығы мен Қырғыз Республикасының Елшілігі арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасты.

Кездесуге сондай-ақ ТҮРКПА Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының хатшысы Құндыз Рүстембекова және Қырғыз Республикасы Елшілігінің Кеңесшісі Мұхамед Лоу қатысты.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы