Wednesday, 08 December 2021, 19:42:52 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов АӨСШК Атқарушы директоры Қайрат Сарыбаймен кездесті

2021 жылғы 11 қазанда Нұр-Сұлтанда АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі аясында Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырза АӨСШК Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай мырзамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылады. Бас хатшы ТҮРКПА мен АӨСШК арасындағы ынтымақтастықтың нақты тетіктерінің кеңінен пайдаланылуына түсініктеме бере отырып, АӨСШК қызметі шеңберінде құрылатын Талдау орталығының форумымен өзара іс-қимылға мүдделілігін білдірді.

Тараптар ынтымақтастықтың алдағы перспективалары және ықтимал бірлескен іс-шаралар туралы пікір алмасты.