Wednesday, 08 December 2021, 19:24:25 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссияның сегізінші отырысы өтті

2021 жылғы 20 қыркүйекте депутаттар мен Хатшылық өкілдерінің қатысуымен ТҮРКПА Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясының сегізінші отырысы онлайн форматта өтті.

Отырыс «Пандемия жағдайларында ТҮРКПА-на мүше елдердің ауылдық жерлердегі әлеуметтік ахуалы» атты негізгі тақырыпқа арналып, Комиссия төрағасының орынбасары және Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің мүшесі Низами Джафаров мырзаның төрағалығымен өтті.

Комиссия 2021 жылғы 27-28 қыркүйекте Қазақстандағы Түркістан қаласында өтетін оныншы пленарлық отырыста ұсынылатын аталған мәселе бойынша есеп пен ұсынымдарды, сондай-ақ Комиссия шеңберінде әзірленген «Кинематография туралы» және «Кинематографиялық және өзге тыңдау-көру туындыларын өндіруге арналған шетелдік инвестицияларды тарту туралы» үлгілік заңдардың жобаларын талқылады және мақұлдады.