Friday, 07 October 2022, 14:08:31 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы ЕҚЫҰ ПА Президентімен кездесті

2021 жылғы 7 қыркүйекте Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырза Вена қаласында өтіп жатқан Парламент спикерлерінің бесінші дүниежүзілік конференциясы аясында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельт ханыммен кездесті.

Седерфельт ханым ЕҚЫҰ ПА-ның ТҮРКПА-на мүше елдермен қарым-қатынасына үлкен мән беретінін атап өтіп, осы тұрғыда ол ЕҚЫҰ ПА-да бақылаушы мәртебесін алу үшін ТҮРКПА-ның жасаған қадамдарына оң баға берді.

Тараптар өзара іс-қимылды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтіп, екі Ассамблея арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты.