Tuesday, 27 September 2022, 14:19:12 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Хатшылығында дөңгелек үстел аясында Қырғызстан туралы кітаптардың таныстырылымы өтті

2021 жылғы 3 шілдеде ТҮРКПА Хатшылығында өткен «Әзербайжан мен Қырғыз Республикасы: ынтымақтастықтың жетістіктері мен перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында «Қырғыздар» (әзербайжан тіліне аударылған) кітабының таныстырылымы өтті.

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қаныбек Иманалиев мырза жазған осы кітап қырғыз халқының тарихына, мәдениеті мен мұрасына арналған болатын.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Әзербайжан әдебиеттанушысы және ақыны Әділ Жамиль мырзаның туындысы болатын «Манас» кітабының таныстырылымы да өтті.