Tuesday, 27 September 2022, 16:03:30 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Хатшылықта Әзербайжан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстел өтті

2021 жылғы 3 шілдеде ТҮРКПА Хатшылығында Әзербайжан мен Қырғыз елдерінің тәуелсіздігіне 30 жыл толғанына орай «Әзербайжан мен Қырғыз Республикасы: ынтымақтастықтың жетістіктері мен перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына екі елдің депутаттары, академиялық орта мен Хатшылық өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырза, Әзербайжан-Қырғызстан парламентаралық достық тобының жетекшісі Мұса Гулиев мырза және осы топтың мүшелері Низами Джафаров мырза және Садағат Валиева ханым, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қаныбек Иманалиев мырза сөз сөйледі.

Бас хатшы қонақтарға өз ілтипатын білдіріп, мүше елдер арасындағы қатынастарды нығайтудағы Ассамблеяның рөліне тоқталды және оның осы тұрғыдағы қызметі туралы қысқаша хабардар етті.

Қатысушылар ортақ тамыр мен мәдени жақындық Түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін берік негіз қалайтынына баса назар аударды. Қатысушылар екі бауырлас елдің соңғы 30 жылдағы жетістіктерін атап өтіп, олардың арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы пікір алысты.