Friday, 07 October 2022, 14:23:14 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА ТӘСИО Бас Ассамблеясының 14-ші отырысына қатысты

2021 жылғы 30 маусымда Бас хатшының орынбасары Али Йылдыз Анкара қаласында өткен Түркі әлемі сәулетшілер мен инженерлер одағы (ТӘСИО) Бас Ассамблеясының 14-ші отырысына қатысты.

Жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін қосқанда көптеген қонақтар ТӘСИО 20-жылдығын атап өтуге арналған Бас Ассамблеяға қатысты. Хаттамалық баяндамалардан кейін өткен жылғы қызмет туралы және бюджетті тексеру туралы есептер талқыланды.

Алдағы кезеңде қызметке кірісетін уәкілетті кеңестерге сайлау өткізілді. Түркия Республикасының Қоршаған орта және урбанизация министрінің орынбасары Мүджахит Демирташ мырза Президент болып қайта сайланды.