Tuesday, 27 September 2022, 14:49:06 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА ТМД ПАА ДДМХИ Баку қаласындағы филиалы ұйымдастырған семинарға қатысты

2021 жылғы 30 маусымда Бас хатшының орынбасары Талғат Адуов ТМД Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттердің Демократияны дамыту, парламентаризмді және азаматтардың сайлау құқығын қорғау мониторингі Халықаралық институтының (ТМД ПАА ДДМХИ) Баку қаласындағы филиалы ұйымдастырған «Өз еркін білдіру ықтиярлығын қамтамасыз етудегі нормативтік-құқықтық реттеу» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Іс-шараға депутаттар, Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының, академиялық топтардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Адуов мырза халықтың еркі мемлекеттік биліктің негізі болып табылатынын, ал сайлау мен референдумдар осы ерікті білдірудің негізгі құралдарының бірі болып табылатынын атап өтті. Бас хатшының орынбасары ТҮРКПА мүше елдердегі бақылау миссияларының қызметі туралы хабардар етті. Ол Қырғыз Республикасындағы соңғы сайлау мен референдум кезінде ТҮРКПА мен ТМД ПАА бақылау миссиялары кездесулерінің маңыздылығын айтып, мұндай кездесулерді өткізу тәжірибе алмасуға және екі ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін білдірді.