Tuesday, 27 September 2022, 15:28:22 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Хатшылыққа жұмыс бабымен келді

2021 жылғы 28 маусымда Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Ахмет Мисбах Демирджан мырза бастаған делегация ТҮРКПА Хатшылығына келіп, Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырзамен кездесті.

Бас хатшы қонақтарды қарсы алып, Ассамблеяның ағымдағы және болашақ қызметі туралы қысқаша хабардар етті. Осы тұрғыда Бас хатшы Ассамблея аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды, атап айтқанда, Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссияның Түркітілдес елдердегі кино және анимация туралы заңнамалары мен оларды жақындастыру жөніндегі тиісінше 2018 және 2020 жылдары жүргізілген Алтыншы отырысы мен семинарын атап өтіп, алдағы пленарлық сессияда қабылданатын «Кинематографиялық және өзге тыңдау-көру туындыларын өндіруге арналған шетелдік инвестицияларды тарту туралы» және «Кинематография туралы» үлгілік заңдарының жобаларына назар аударды.

Екі жақ кино, анимация мен мультфильмдердің тағылымдық және Түркі мұрасы мен құндылықтарын келесі ұрпаққа жеткізудегі негізгі рөлін атап өтті. Олар Ассамблея мен Министрлік арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алысты.