Tuesday, 27 September 2022, 14:30:39 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА делегациясы Өзбекстан Парламенті Сенатының Төрайымымен кездесті

2021 жылғы 24 маусымда Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева ханым «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі жаһандық парламентаралық ынтымақтастық» халықаралық форумына қатысуға келген ТҮРКПА делегациясын қабылдады.

Төрайым Өзбекстанның Түркітілдес елдермен қарым-қатынасын нығайтуға, атап айтқанда, саяси, экономикалық, мәдени және туризм мен спорт сияқты басқа да басым салалардағы ынтымақтастықты дамытуға зор мән беретінін атап өтті.

Делегация қонақжайлылық пен Форумды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін өз алғысын білдіріп, мұндай іс-шараларды өткізу парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ ел мұрасы мен мәдениетін ілгерілетуге және оны бүкіл жаһанға паш етуге айтарлықтай ықпал ететініне назар аударды.

Екі жақ Өзбекстанның Ассамблеяға қосылуы туралы мәселені талқылады.