Monday, 23 May 2022, 01:18:50 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА делегациясы Өзбекстанға іс-сапармен барды

2021 жылғы 22 маусымда ТҮРКПА құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің мүшесі Исмет Учма мырза бастаған ТҮРКПА делегациясы Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Содик Сафоев мырзамен және Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Заң Шығару Палатасының Вице-спикері Алишер Қадыровпен кездесті.

Парламент басшыларының орынбасарлары делегацияны қарсы алып, ТҮРКПА-ның парламенттік ынтымақтастықты дамытудағы рөлін жоғары бағалады. Олар Өзбекстан өңірдегі саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, атап айтқанда, инвестицияларды ынталандыруға, экономикалық және бизнес ахуалды жақсартуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Өз кезегінде делегация Өзбекстанның Түркі әлемі үшін және өңірдің тұрақты дамуы үшін маңыздылығына баса назар аударды.

Сондай-ақ екі жақ Өзбекстанның Ассамблеяға жақын болашақта кіру мүмкіндігін талқылап, түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы пікір алысты.