Thursday, 29 September 2022, 15:42:29 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

«Түрік әлемінің өткені, бүгіні мен болашағы» атты симпозиум Баку қаласында өтті

2021 жылғы 9 маусымда Баку қаласында өткен «Түрік әлемінің өткені, бүгіні мен болашағы» атты симпозиумды ТүркПА, Әзербайжан Республикасының Милли Мәжілісі мен Әзербайжандағы Ататүрік орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Симпозиум Түркітілдес елдер тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына, Екінші Қарабах соғысында Әзербайжанның Ұлы жеңісіне және Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің 100 жылдық мерейтойына арналып, аралас (қатысушылардың келіп және онлайн түрде қатысуы) форматта өтті. Іс-шараға Түркітілдес елдер парламенттерінің депутаттары, түркі елдер ынтымақтастығы ұйымдарының басшылары, елшілер мен Түркітілдес елдердің жетекші университеттерінің өкілдері қатысты.

ТүркПА іс басындағы Төрайымы және Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің Төрайымы Сахиба Гафарова ханым мен Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Спикері Мұстафа Шентоп мырза симпозиум қатысушыларына сәлемдемесін бейне-үндеу арқылы жолдады.

Әзербайжандағы Ататүрік орталығының директоры және Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты Низами Жафаров мырза, ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов мырза, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Касеинов мырза, Халықаралық түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі мырза, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті Гүнай Афандиева ханым, ТүркПА Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы және Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Исмет Учма мырза симпозиумды ашу рәсімінде сөз сөйледі.

Қатысушылар ашылу салтанатынан кейінгі панель сессияларында соңғы 30 жылда түркітілдес елдердің жетістіктері мен ілгерілеуі және осы тұрғыда парламенттердің рөлі, екінші Қарабақ соғысындағы Әзірбайжанның Ұлы Жеңісінің Түркі әлемі үшін маңызы, сондай-ақ түркі елдер ынтымақтастығы ұйымдары шеңберіндегі одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты.