ТҮРКПА Жерорта теңізі елдерінің Парламенттік Ассамблеясының 15-ші пленарлық отырысына қатысты
2021 жылғы 3-4 маусымда Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов онлайн-форматта өткен Жерорта теңізі елдерінің Парламенттік Ассамблеясының 15-ші пленарлық отырысына қатысты.
Бағдарламаға Жерорта теңізі елдерінің ПА тұрақты комитеттерінің ашылу рәсімі мен отырыстары кірді. Сессияны Жерорта теңізі елдерінің ПА Президенті Кәрім Дарвиш мырза ашты. Тұрақты комитеттердің отырыстары отбасыдағы зорлық-зомбылық мәселелерін шешуге, өсіп келе жатқан цифрлық қоғамдағы адам құқықтарын қорғауға, аймақтағы соңғы экономикалық және экологиялық өзгерістерге, терроризм қатерлері мен қауіпсіздік мәселелеріне бағытталған.
Жерорта теңізі елдерінің ПА-ның жаңа Президенті болып Дженнаро Миглиор мырза (Италия) сайланды.