Sunday, 22 May 2022, 23:12:12 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА электрондық коммерция туралы модельдік заң жобасы бойынша семинар өткізді

2021 жылғы 15 сәуірде ТҮРКПА-ның Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы шеңберінде электрондық форматтағы модельдік заң жобасын онлайн-форматта талқылау бойынша семинар өтті.

Отырысқа мүше елдердің тиісті комитеттерінің, министрліктері мен мекемелерінің сарапшылары, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдері қатысты.

Бас хатшының орынбасары Али Йылдыз жиналысты ашып, қатысушыларды құттықтады.

Қатысушылар COVID-19 пандемиясы және осы тұрғыда шектеу шаралары аясында өз елдеріндегі ағымдағы экономикалық жағдай туралы баяндамалар жасады. Сарапшылар ТҮРКПА Хатшылығы алдын-ала әзірлеген «Электрондық сауда туралы» модельдік заңының жобасын талқылады.