Моңғолия елшісі ТҮРКПА Хатшылығында болды
2020 жылғы 9 желтоқсанда Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Әзербайжанға сапары аясында Моңғолияның Әзербайжан Республикасындағы Елшісі (резидент емес) Болд Равдан мырзамен кездесті.
Бас хатшы түркітілдес елдер Моңғолиямен қарым-қатынасқа ерекше мән беретіндігін атап өтті, өйткені олар ортақ өркениеттік, мәдени және тарихи мұраларға ие. Ол елшіге Ассамблеяның тарихы, миссиясы, міндеттері мен мақсаттары, сондай-ақ оның қазіргі қызметі мен болашақтағы іс-шаралары туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Равдан мырза Моңғолияның түркі институционалдық ынтымақтастығына, ең алдымен ТҮРКПА-мен байланыс орнатуға қызығушылық білдірді.