Қырғызстан парламентінің басшысы Бас хатшыны қабылдады
24.11.2020
2020 жылғы 24 қарашада Жогорку Кенештің Төрағасы (Қырғыз Республикасы Президентінің м.а.) Талант Мамытов мырза Бас хатшы Алтынбек Мамайусуповты қабылдады.
Бас хатшы COVID-19 пандемиясы кезіндегі Хатшылықтың ағымдағы қызметі және болашақтағы іс-шаралар туралы қысқаша ақпарат берді. Мамаюсупов мырза Парламент басшысына Қазақстанда 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін парламенттік сайлау туралы хабарлады.
Сондай-ақ, тараптар ТҮРКПА-ның сайлауды бақылау миссиясының Қырғыз Республикасында 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін президенттік сайлауды бақылауға қатысуын талқылады.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар