Thursday, 23 March 2023, 08:05:08 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Түркия парламентінде тәжірибе алмасу бағдарламасы өткізілді

2019 жылғы 22-26 шілде аралығында Анкарада Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі және ТҮРКПА бірлесіп ұйымдастырған «Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар бөлімдерінің жұмыс қағидалары» атты екінші тәжірибе алмасу бағдарламасы өткізілді.

Бағдарламаға құқықтық істер және халықаралық қатынастар департаменттерінен тұратын мүше парламенттердің парламенттік әкімшіліктерінің қызметкерлері, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, бағдарлама мүше- парламенттердің аудиторлар үшін тиісті саладағы Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің тәжірибесімен танысу мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара бағдарламасында Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің халықаралық қатынастар және хаттама, заң және шешім бөлімдерінің, кітапханалық және мұрағаттық қызметтердің, ғылыми-зерттеу қызметтері, стратегияны әзірлеу, ішкі аудит, сонымен қатар Түркия Парламенті, оның кітапханасы туралы баяндамалар болды. Бағдарламаға қатысушылар өз елдеріндегі тиісті ведомстволардың құрылымы, функциялары және жұмыс принциптері туралы ақпарат алмасты.

Бағдарлама барысында қатысушылар Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Бас хатшысының орынбасары Хакан Суат Өлмез мырзамен кездесті. ТҮРКПА-ға мүше елдердің парламенттік қызметкерлері қатысатын тәжірибе алмасу бағдарламаларының маңыздылығын атап өткен Олмез мырза қатысушыларды құттықтап, бағдарламаның аяқталғаны туралы сертификаттарды берді.

Іс-шара әлеуметтік бағдарламамен аяқталды.