ТҮРКПА бақылаушылары Қазақстандағы президенттік сайлау туралы мәлімдеме жасады
2019 жылғы 10 маусымда ТҮРКПА халықаралық байқаушылар миссиясы Қазақстан Республикасында мерзімінен бұрын президенттік сайлауды өткізу мониторингісінің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
Миссияның басшысы және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің мүшесі Исмет Учма мырза бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ТҮРКПА бақылау бағдарламасы туралы хабардар етті. Учма мырза Миссияның алдын-ала қорытындылары мен сайлау алдындағы кезеңде дауыс беру үрдісіне қатысты алдын ала тұжырымдары мен бағалары туралы хабардар етті.
Миссия дауыс беруге, бюллетеньдерді санауға, нәтижелерді табуға, сондай-ақ сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің лауазымды адамдарымен сөйлесуге мүмкіндік алды. Бағдарлама барысында миссия Сыртқы істер министрі, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары және саяси партиялардың өкілдерімен кездесті.
Миссияның айтуынша, заңнамаға қайшы бұзушылықтар немесе ауытқулар байқалған жоқ. ТҮРКПА бақылаушылары айтқандай, 2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасында өткен президенттік сайлау Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық сайлау стандарттарына сәйкес өткізілді.